Қарағандылықтарды индустриялық пейзаждар көрмесіне шақырады

Gov.kz

Қарағандылықтар «Алтын ғасыр» галереясында өтетін көрмеде өз қаласының индустриялық дамуын бейнелейтін ерекше туындыларды тамашалай алады. Көрменің авторы – белгілі суретші, Қарағанды өңірінің тумасы Сергей Щеголихин. Оның жеке көрмесінің ашылуы 11 қазан, сенбі күні сағат 16:00-де өтеді.

Көрмеге майлы бояумен салынған 27 картина қойылған. Туындыларда шахталар, зауыттар мен фабрикалар бейнеленіп, туған өлкенің өндірістік болмысы мен тарихи дамуы көрініс тапқан. Бұл жұмыстар – жай ғана пейзаж емес, Қарағанды индустриясының қалыптасу жолын айшықтайтын көркем шежіре іспетті.

Сергей Щеголихин – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Оның шығармашылығы елімізде де, шетелде де кеңінен танымал.

Көрме 29 қазанға дейін жалғасады. Кіру тегін.

«Алтын ғасыр» галереясы Комиссаров көшесі, 35а мекенжайында орналасқан.