Қазақстанда әйел алғаш рет ғарышқа ұшты

Stan.kz

Данна Қарағұсова мінген ғарыш кемесі Техастағы Ван Хорн маңында Corn Ranch алаңынан 9:41-де ұшырылды. Ұшу шамамен 10-11 минутқа созылды,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағұсовадан бөлек экипаж құрамында кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болды.

Бұл сапарға экипаж мүшелері 500 мың доллардай төледі. Видеодан көкке көтерілген сәттегі олардың қуанышты эмоциясын көруге болады.