Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы белгілі болды

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Жақында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып Талгат Байсуфинов тағайындалды. Оған Иван Азовский, Марат Еслямов, Али Алиев және Елдос Ахметов көмектеседі. Ал, қақпашылар бапкері қызметі Олег Воскобойниковке жүктелсе, дене дайындығы бапкері Максим Зуев, бапкер-сарапшы Могамед Нозадзеге жүктелген. 

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Ұлттық құрама өз алаңында 10 қазанда Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.