Темірлан Анарбековке тағы бір сый жасалды

Фото: yandex.kz

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке білім беру гранты берілді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

"Біз Темірлан Анарбековті 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық. Сондай-ақ, Дастан Сәтпаев та біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де", - деп жазды министр.