Қызылордада УЕФА стандартына сай жаңа стадион ашылды

Stan.kz

“Қайсар Арена” стадионы 11 мың орынға лайықталған. Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар орталықта ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған.

Стадион УЕФА-ның 4-санатына толық сәйкес келеді. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталған.