SIM-картаны жалға беріп 5 миллион теңге тапқан: Қостанай облысында тұрғын алаяқтық үшін жауапқа тартылды

stan.kz

Қостанай облысында тұрғын 35 SIM-картаны алдын-ала белсендіріп, WhatsApp желісіне тіркеп, кейін сатқан. Ол сол арқылы адамдардан 5 миллион теңге тапқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция дерегінше, күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын белсендіріп, оларды WhatsApp желісіне тіркеген.

“Сосын бұл карталарды Telegram арқылы жалға берген. Алдын ала деректерге сүйенсек, ол шамамен 35 SIM-картаны жалға беріп, бұл әрекеттен 5 миллион теңге табыс тапқан. Оның SIM-карталарын пайдаланып, алаяқтар Қостанай мен Тобыл қалаларының тұрғындарын "Сізге сәлемдеме келді" деген сылтаумен алдап, 2 миллион теңгеден астам зиян келтірген”, – делінген хабарламада.

Полиция күдіктіден дәлел ретінде құрылғылар мен SIM-карталарды тәркілеп, ол кінәсін мойындады. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.