«Таза Қазақстан»: Шахтинскіде оқушылар мен еріктілер орталық саябақты көгалдандырды

Gov.kz

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.

Балалар мен ересектер туған қаласын одан әрі жасыл, таза әрі жайлы ету мақсатында бірлесіп еңбек етті. Орталық саябақта оқушылар мен еріктілер 200 қарағаш көшетін еніп, табиғатты қорғап, аялауға уәде берді.

Ағаш егу іс-шарасына балалармен қатар олардың ата-аналары мен ұстаздары да белсенді қатысты. Қала тұрғындары сүйікті демалыс орны саналатын саябақта жиі тынығады, енді ол бұрынғыдан да көрікті және жайлы болмақ. Қатысушылар экологиялық мәдениетті арттыруда бірлескен еңбектің маңызы зор екенін атап өтті.

Арнайы қойылған баннерде әркім өз тілегі мен ізгі ниетін қалдырды. Балалар табиғатқа ризашылық сезімдерін, таза әрі жасыл болашақ туралы армандарын, сондай-ақ ағаштарды күтіп-баптауға және қоқыс тастамауға деген уәделерін жазып қалдырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» — бір реттік акция емес, еліміздің әрбір тұрғынының табиғатқа деген жауапкершілігі мен экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді бастама.

06 қазан 2025

Қарағандыда Қарқаралы ұлттық паркін орнықты дамыту мәселесі талқыланды

04 қазан 2025

Қарағанды облысында биыл бес кесене қайта жаңғыртылады

04 қазан 2025

Қарағандыдағы грек мәдени орталығы 30 жылдығын атап өтті

03 қазан 2025

Қарағанды облысының ұстаздары кәсіби мерекелерінде құрметке бөленді

03 қазан 2025

Туризм бір батырмамен: Қарағандыда отандық букинг іске қосылды

Барлық жаңалық