Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында «Пари Сен-Жерменге» есе жіберді

Сурет: UEFA.com

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бұл күні жанкүйерлер тарапынан «Барселона» (Испания) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) кездесуіне ерекше қызығушылық болды. 

Үздік қос команданың кездесуінде франциялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында испаниялық клубтан Ферран Торрес 19-минутта есеп ашса, одан кейін «Пари Сен-Жермен» сапынан Сенни Маюлу 38, Гонсалу Рамуш 90-минутта екі гол соғып кетті. 

Ойындар нәтижесі:

«Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) — «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) 0:4

«Арсенал» (Англия) — «Олимпиакос» (Грекия) 2:0

«Карабах» (Әзербайжан) — «Копенгаген» (Дания) 2:0

«Монако» (Франция) — «Манчестер Сити» (Англия) 2:2

«Байер» (Германия) — ПСВ (Нидерланд) 1:1

«Боруссия Дортмунд» (Германия) — «Атлетик» (Испания) 4:1

«Барселона» (Испания) -«Пари Сен-Жермен» (Франция) 1:2

«Наполи» (Италия) — «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 2:1

«Вильярреал» (Испания) — «Ювентус» (Италия) 2:2.