Тексеріс барысында мердігер "СпецСтрой Групп ЛТД" ЖШС-ның құрылыс нормаларын өрескел бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жауыннан кейін асфальті опырылған Аманжол көшесіне мердігер инертті материал төсемегендіктен, жауын-шашын кезінде жол жабындысы отырып, терең шұңқырлар пайда болған.
Қала құрылысын бақылау басқармасы мердігерге анықталған кемшіліктерді 2025 жылдың 8 қазанына дейін жоюды тапсырды. Егер белгіленген мерзімде кемшіліктер жойылмаса, іс сотқа жолданады.
Алматыда жауыннан кейін опырылып қалған жолды төсеген мердігер жауапкершілікке тартылды

Фото: google