Блогер ауыл шаруашылығы министрін сотқа берді

Stan.kz

Шағым түсіруге министрдің сүт туралы жалған ақпарат айтуы себеп болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер Кирилл Павловтың сөзінше, Айдарбек Сапаров бір сөзінде "Қазақстан өзін сүт өнімдерімен 100% қамтамасыз етіп отыр" деп айтқан. Ал мұны блогер фейк ақпарат деп санайды. Ол дәлел үшін ресми статистика мен халықаралық дерекқорлардағы мәліметтерді ұсынды. Оған сәйкес, өткен жылы еліміз шетелден 400 миллион долларға 183 мың тонна сүт өнімін сатып алған.

Блогердің сөзінше, демек нарықтағы ірімшік пен сүзбенің жартысы шетелден әкелінген.