Қарағандыда кәсіпкерлер үшін бірыңғай есеп күні өтеді

Gov.kz

Қарағанды облысының кәсіпкерлерін Бірыңғай есеп беру күніне шақырады. Мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдары өкілдерімен жыл сайынғы кездесу өзара іс-қимылды арттыру мақсатында өткізіледі. Биылғы шара 25 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Атамекен» АКП-ның конференц-залында (Тәттімбет көшесі, 709 үй, 2-қабат) өтеді.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге бақылау және қадағалау саласындағы жұмыс нәтижелері баяндалады. Сондай-ақ жаңа талаптар мен заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат алуға болады.

Ең бастысы – бұл бизнес үшін өзекті мәселелерді ашық талқылап, проблемалары мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік.

Бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен өтуде.