Қарағанды облысында Конституция күні атап өтіледі

Gov.kz

Конституция күніне орай Қарағанды облысында форумдар, салтанатты жиналыстар, челлендждер, тегін құқықтық консультациялар жәрмеңкелері, концерттер өтеді, сондай-ақ әлеуметтік нысандар ашылады.

Қарағандыда, Майқұдық саябағында Қазақстанның 50 жылдығы саябағында 30 тамызда сағат 12:00-де «Ата Заңға 30 жыл: Тәуелсіз мемлекеттің биік тұғыры» атты ауқымды облыстық форум-концерт басталады.

Форумның ресми бөлігінде құқық қорғау органдарының үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етіледі. Сондай-ақ, облыс әкімінің білім гранттарын мектеп түлектері алады.

12: 45-те сахнаға «МузАрт» поп-тобы шығады.

Сағат 13:15-те ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченконың жетекшілігімен джаз оркестрінің концерті басталады.

Одан кейін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Әуен» және «Арқа сазы» ансамбльдері, сондай-ақ Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Майқұдық саябағындағы мерекелік шара 16:15-те басталатын қаланың шығармашылық бірлестіктерінің концертімен аяқталады.

Сондай-ақ, Майқұдық саябағында 30 тамыз күні сағат 11:00 тегін құқықтық кеңес беру жәрмеңкесі өтеді. Қарағанды орталық паркінде консультативтік жәрмеңке сол күні сағат 12:00-де өз жұмысын бастайды.

Серіктес қалаларда мерекелік іс-шаралар 29 және 30 тамызда өтеді.

Саранда

29 тамыз күні сағат 10: 00-де Мәдениет сарайының алдындағы алаңда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдайды.

Сағат 11:00 -де концерттік бағдарлама өтеді.

Сол күні сағат 12:30-да барлық тілек білдірушілер заңгерлік кеңеске және РТИ шағын ауданындағы 7-ші мектепте жас полицей кабинетінің ашылуына шақырылады.

30 тамызда сағат 15:00-де «Сұңқар» стадионының алаңында өтетін мерекелік концертке қала тұрғындары шақырылады.

Абайда

29 тамыз күні сағат 11: 00-де Мәдениет сарайында мерекелік концерт пен салтанатты жиналыс өтеді.

30 тамызда сағат 10:00-де «Жігер» стадионында футболдан жарыс өтеді.

Шахтинскіде

29 тамыз күні сағат 12: 00-де Мәдениет үйінде мерекелік концерт пен салтанатты жиналыс өтеді. Қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

30 тамызда Шахан, Новодолинский және Долинка ауылдарында сағат 12:00 мерекелік концерттер өтеді.

Осындай мерекелік шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.

Дереккөз: Gov.kz