Алматы әуежайындағы барлық дүңгіршек бұзылады

Stan.kz

Алматы әуежайындағы дүңгіршектер түгел бұзылмақ. Алматы соты бұрын қабылданған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гуля Әлімбаева 2025 жылғы 23 мамырдағы шешімі осы іс бойынша өзгеріссіз қалдырылсын деп шешім шығарды.

"Апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енеді. Қаулыға процестің қатысушылары кассация шағымын бере алады. Сондай-ақ прокурор заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде кассация өтінішхатын енгізе алады", – деді судья.

Алдыңғы сот отырысында сот кәсіпкерлермен әуежай арасындағы дауды шешуге он күн уақыт берілген. Сотта кәсіпкерлердің өтініші де тыңдалды. Алайда 20 жылдан бері кәсіп істеп жүрген Айжан Бектібаева соттың шешіміне  үзілді-кесілді қарсы. Ол аяғына дейін барамын деп бекініп отыр.

Даудың басы екі жыл бұрын басталған. Шағымданып отырған 30-дан астам жеке кәсіпкерлердің қол астында 200-ге жуық жұмысшысы бар. Әрқайсысының кәсібі әртүрлі. Бірі асханамен айналысса, енді бірі кәдесый сатады. 

"Біз бұны былай қалдырмаймыз. Сот шешімімен келіспейміз. Көп уақыт бойы бұны күткенбіз. Біздің сұрағымыз қала деңгейінде боп жатыр. Бұл бірінші күн емес, тіпті екі жыл болды. Ешқандай әділдік жоқ. Қазір аппеляция бойынша ұтылып жатырмыз. Бірақ кассацияға беруге алты ай уақытымыз бар. Бұл сұрақты бұлай қалдырмаймыз", – деді Айжан Бектібаева.