АЭС-ке қарсы шыққан белсенділер 4 жылға шартты жазаға кесілді

Stan.kz

Тергеу мәліметінше, зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы бес ер адам былтыр 6 қазанда тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Сондай-ақ билікке қарулы қарсылық көрсетпек болған.

Судья Ернар Қасымбеков белсенді Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев пен Айдар Мүбәраковты кінәлі деп тапты. Осылайша олар төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Оларға бес жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.