Белгілі журналист, Ақпарат саласының үздігі, Құрмет орденінің иегері Айгүл Аханбайқызы 53 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте білім алып, кейін Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектепті тәмамдады.
1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқып, студент кезінен-ақ еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып бастаған.
Әр жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» сынды республикалық басылымдарда бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында баспасөз қызметінің менеджері болып еңбек етті.
Кәсіби біліктілігі мен еңбегі еленіп, Ақпарат саласының үздігі атанып, Құрмет орденімен марапатталған.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.