"Қамшымен ұрыңдар": Исламтанушы Ризабек Батталұлының әйелдерге қатысты сөзі қызу талқыға түсті

Фото: Google

Ол әйелдерді жазалау үшін қамшы қолдануға болады деген пікір айтып, хадистерге сүйеніп насихат жүргізген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ризабек Батталұлы әйелді ұруға дін рұқсат етеді деп мәлімдеп, бастысы ауыр жарақат салмау керектігін жеткізген. Сонымен бірге ол қазіргі ер адамдарды әлсіз деп сынап, қазақ үйінде қамшының осы мақсатта тұратынын алға тартқан.