Абай облысында көлік үйдің жанында ойнап жүрген балаларды басып кетті

Stan.kz

Жүргізуші рульге ие бола алмай, алты баланы қағып кеткен. Қайғылы оқиға балалар жолдан он метр жерде аулада ойнап жүрген кезде болған. Үш бала оқиға орнында көз жұмды, тағы үш бала жарақат алды. Екеуінің жағдайы ауыр. Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамалды. Сараптама оның оқиға кезінде ес-түссіз болғанын көрсетті.

Президенттің тапсырмасымен қорғаныс министрлігінің ұшағы Абай ауданына ұшты. Бортта реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар.