Ата-аналар мектеп формасын алып тастау туралы петиция жариялады

Фото: Google

Олар мектеп формасы қымбат болғандықтан, оны міндетті етпеу керек деген пікірде, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Ата-аналардың сөзінше, баланың үлгерімі үстіндегі киіміне байланысты емес. Сондықтан оқушыға өз қалауындағы киіммен баруға еркіндік беру қажет дейді. Әзірге петиция 156 ғана қол жинаған.