Джей Лоның концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

Stan.kz

"Билет агенті" интернет платформада хабарландыру жариялап, екі жалған билет сатқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Алайда алданып қалғандар концертке кіре алмаған. Енді күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін Дженнифер Лопестің концертіне билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болғанын жазған едік.