Әйелін өлтіріп, үй ауласына көміп тастаған ер адам 20 жылға сотталды

Stan.kz

Оқиға Түркістан облысы Жетісай қаласында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Ер адам 38 жастағы жары Айгерім Әжікееваны шөп байлайтын жіппен буындырған. Сосын денесін үйінің алдына көміп тастаған. Кейіннен сотталушының алғаш рет қылмыс жасамағаны анықталған. Бұған дейін Төрехан Ералханов екі рет бас бостандығынан айырылған екен. Ол бірінде психикалық ауытқуы бар деген анықтамамен ауруханаға жіберілген. Ал екіншісінде 10 жылға сотталып, мерзімінен бұрын босатылған. Нәтижесінде сотталушы 20 жылға сотталды.