Павильонды әйгілі неміс сәулет бюросы – Atelier Brückner жобалаған. Бұл студия бұған дейін Гизадағы ҰлыЕгипет музейі мен Абу-Дабидегі Луврдың балалар бөлімінде де жұмыс істеген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жоба авторларының айтуынша, павильонның архитектуралық шешімдері Өзбекстанның дәстүрлі сәулет өнеріне негізделген. Ең қызығы – павильонды құраған ағаш құрылымдар кейін Өзбекстанға жеткізіліп, өзге мақсаттарда қайта пайдаланылуы мүмкін.