Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге қарсы заңды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

— Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды, — делінген хабарламада. 

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. 

— Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады, — деп жазды баспасөз хатшысы.