Qarmet комбинаты қашан газға көшеді

Сурет: Qarmet

Бүгін Үкімет отырысында тау-кен өндірісін дамыту мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Жалпы отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов Qarmet кәсіпорнының директоры «Газға қашан көшесіздер?» деген сауал қойды.

- Үш күн бұрын газға қосу құрылым жасалды. Қазір сыртқы газбен жабдықтау сызбасын құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Шілде айының соңына дейін сыртқы газбен жабдықтау жұмыстарын аяқтап, тамыз айында бірінші кезеңінде газ қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін шамамен 300 миллион текше метр газ қабылдау жоспарда бар. Сондай-ақ мазут пен пропан-бутанды алмастырып, шойынның бір тоннасына коксты тұтынуды шамамен 100 кг-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз, - деп жауап берді Qarmet кәсіпорнының бас директоры Вадим Басин.