"5-6 жыл қарсы болдым": Жұбаныш Жексенұлы келінінің италиялық екенін жасырмады

Фото: Подкастан скриншот

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы ұлының шетелдік қызға үйленгенін жасырмады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі “Сыр” подкастында қонақ болып, отбасылық өмірінен сыр шертті. 

“Менің үлкен келінім – италиялық. Ұлым гитарист, шетелде оқыды, келінім де музыкант. Балам үйленем дегенде 5-6 жыл қарсы болып жүрдік. "Қазақтан табылмады ма" деген әңгімелер айттық. Бірақ кейін ұлыммен дұрыстап сөйлескенде шын ұнатып қалғанын түсіндірді. Жүрекке әмір жүрмейді ғой. Таңдауы солай болса, біз қалай келіспейміз? Өмір бойы сүйгеніне қосыла алмай, басқамен бас қосып, соның зардабын шегіп жүргенін қандай ата-ана тілейді, өз баласына?", – деді әнші.