Шара аясында еліміздің барлық өңіріндегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі ұйымдастырылады.
Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған 100-ден астам ауқымды іс-шара өтеді.
Шара 1 тамыз күні «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ашылуымен басталады. Бұл бірегей платформа ақын мұрасын цифрландыру, жүйелеу және ғылыми ортаға қолжетімді етуге бағытталған.
Сондай-ақ концерт, көрме, ақындар айтысы, жас ақындар мүшәйрасы мен Абай мұрасын насихаттауға бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылады.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 10 тамыз – Абай күні болып бекітілген. Бұл күні Жидебайда Құран бағышталып, құрбандық шалынады. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Дереккөз: @qazaqstantv