Өскеменде жоғалған зейнеткер дронның көмегімен табылды

Фото: yandex.kz

Әйел түнде қалың шөп арасынан табылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласында 71 жастағы жергілікті тұрғын 12-шілде күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Бірнеше сағат өткен соң, оның немересі полицияға жүгініп, әжесінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Бұған дейін туыстары әйелді өз беттерінше іздеп көрген, алайда нәтиже болмаған.

"Хабарлама келіп түскен бойда полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Іздеуге полиция қызметкерлерімен қатар, дрон пайдаланылды. Дрон операторы жерді әуеден шолып, патрульдік топтарға нақты координаттарды жеткізіп отырды", - дейді полиция.