Құтқарушыдан айти маманға дейін: жас қызметкерлерді сыйлық беру конкурсына қатысуға шақырады

gov.kz

Қазақстанда құтқарушыдан бастап айти қызметкерге дейінгі түрлі мамандықтарды қамтитын марапаттың бірі — Jas Keñes Sıylığı жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Сыйлық өткен жылы Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бекітіліп, номинациялар саны жағынан да, қатысушылар тарапынан да өсім көрсетті.

Өтінімді 20 шілдеге дейін jas-kenes.kz сайтында беруге болады. Он номинацияның әрқайсысында екіден – жиырма жеңімпаз болады. Әрқайсысына бір миллион теңгеден ақшалай сыйлық беріледі.

Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының ақпараттық саясат және коммуникация бөлімінің басшысы Аслан Қабегенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өткендей, биыл жаңа бағыттар қосылды.

— Номинациялар саны жетіден онға дейін ұлғайтылды, оған түрлі мамандық иелері кіреді. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустрия, атом және ауыл шаруашылығы салалары, жұмысшы мамандықтары, — дейді Аслан Қабегенов. — Байқау үш кезеңмен өтеді. 35 жасқа дейінгі жас мамандар: ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, энергетиктер, еріктілер, құрылысшылар, әлеуметтік сала қызметкерлері және басқалар қатыса алады.

Үміткерлерді тағайындалған қазылар алқасы емес, жастар кеңесінің мүшелері — өз салаларында кәсіби тәжірибесі бар сарапшылар бағалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әр кезең туралы ақпарат кеңестің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланады.

Jas Keñes Sıylığı кәсіби біліктілігін белсенді азаматтық ұстаныммен біріктіре алғандарға беріледі.

Номинациялар:

- «Janqiarlyq» — ішкі істер органдарының және ҚР қарулы күштерінің қызметкерлері үшін;

- «Altyn jürek» — орта, кіші медициналық персонал (жедел медициналық көмек, акушерлер, санитарлар және т.б.) және дәрігерлер үшін;

- «Önerkäsıp» — өңдеуші өнеркәсіптің, тау-кен металлургия кешенінің және экономиканың басқа да өндірістік секторларының қызметкерлері үшін;

- «Bolaşaq turaly qamqorlyq» — арнайы қызмет көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың (балалар үйлері, хоспистер, қарттар үйлері, мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталықтары және т. б.), сондай-ақ еріктілер үшін;

- «Bılım jäne Ğylym» — мектепке дейінгі, орта, ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарына, сондай-ақ ғалымдарға, ғылыми қызметкерлерге және зерттеушілерге арналған;

- «Qaisar» — авариялық-құтқару қызметтерінің, өрт сөндірушілердің және азаматтық қорғау жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлері үшін;

- «Altyn qol» — сырлаушы, сантехник, құрылысшы және т.б. жұмысшы мамандықтарының қызметкерлері, сондай-ақ ПИК, МИБ және елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдардың қызметкерлері үшін;

- «Zharyq» — энергетика секторының, атом өнеркәсібінің, мұнай-газ кәсіпорындарының қызметкерлері үшін;

- «Örken» — агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру саласының қызметкерлері үшін;

- «Örleu» — ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (оның ішінде ЖИ, деректерді талдау және т. б.) және креативті индустрия саласының қызметкерлері үшін.