Қарағандыда Елорда күні мен Домбыра күні қалай атап өтілмек

Сурет: Қарағанды облысының әкімдігінен

Қарағандыда Астана күніне орай концерттер, фестивальдар, танымдық дәрістер мен байқаулар өтеді.

Сенбі, 5 шілде

Сағат 20:00 - «Үлкен сахна» фестивалі. Көрермендерді Орталық саябақтың жағалауына шақырады.

Жексенбі, 6 шілде

Сағат 10:00 «Молодежный» мәдениет сарайында – Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына және Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына арналған «Ұлттың үні – домбыра» концерті;

сағат 12:00 «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаңда –  «Астана бояулары» флеш-суреттер фестивалі өтеді.

Осы уақытта Майқұдық саябағында «Қазағымның жыры сенсің – Домбыра» атты мерекелік концерт басталады.

Сағат 14:00 – Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Елорда – еңселі Астана!» концерттік бағдарламасы.

Сағат 15:00-де «Ерекше қос жұлдыз» инклюзивті фестивалі басталады.

Сонымен қатар, сағат 15:00 Сұрыптау саябағында «Ұлы даланың інжу-маржаны» стенд-форумы және Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толуына арналған «Ұлы домбырашылар: қазақ музыкасының аңыздары» атты музыкалық мозаика фестивалі өтеді.

Сағат 18:00 Теміржолшылар мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Жайнай берсін – Астанам!» мерекелік концерті өтеді.

Сағат 18:00 «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Әнім саған, Астана!» концерттік бағдарламасы басталады.

Майқұдық саябағында сағат 18:00 «Жаса, жайна Астанам» концерті өтеді.

Сағат 20:00 Орталық саябақта ашық аспан астында «АСТАНА – ЕЛ ЖҮРЕГІ» музыкалық шоуы басталады. Бағдарламада театрландырылған қойылымдар, фольклор, эстрадалық хиттер мен жарық және лазерлік шоудың элементтері бар.

Дүйсенбі, 7 шілде

Сағат 16:00 Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

17:00-де саябақта «Қарағанды вернисажы» арт-жобасы басталады.

Сағат 18:30–20:30 аралығында Орталық саябақта армрестлингтен жарыс өтеді.