Ол нарықтағы бағасы 700 мың теңге тұратын фитнес-абонементтерді жалған түрде 150 мың теңгеге сатқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы шығын 3,5 млн теңгеден асты. Залал толық өтеліп, сот оны 3 жылға пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге үкім етті.
Прокуратура алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін және мұндай қызметтерді тек ресми сатушылардан алу қажеттігін ескертеді.