Өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

© Sputnik / Тимур Батыршин

Тергеу мәліметінше, ер адам қызды алғаш рет 2017 жылы сегіз жасында зорлаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұл Шығыс Қазақстан облысында болған. Кейін ерлі-зайыпты үйленіп, Павлодар облысына көшіп кеткен. Өгей әкесі қызды зорлауды жалғастырған. 2021 жылдың сәуірінде және 2022 жылдың қаңтарында тағы зорлаған. 

 

Қыз 15 жасқа толған соң, өткен жылдың күзінде бар жағдайды сынып жетекшісіне айтқан. Сосын қыз ауруханаға жіберіліп, онда бәрі расталған. Осыдан кейін бірден мектеп оқушысының анасы полицияға арыз түсірген. 

 

Нәтижесінде ер адам 23 жылған сотталды. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге төлеуге міндеттелді.