“Қаржылық сауаттылық және алаяқтықтың алдын алу” атты іс-шара өтті

Автор суреті

“Орталық” өңірлік қолбасшылығында “Заң мен Тәртіп” апталығы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

2025 жылғы маусым айында “Орталық” өңірлік қолбасшылығында “Қаржылық сауаттылық және алаяқтықтың алдын алу” атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараны Орталық гарнизонның әскери прокуратурасы ұйымдастырды. Оған Қарағанды облысының Полиция департаменті мен гарнизонға қарасты барлық әскери бөлімдердің жеке құрамы белсене қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласы өкілдерінің құқықтық білімін арттыру, қаржылық алаяқтықтың түрлері мен олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат беру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын нығайту болды. Соңғы жылдары қоғамда кең тараған интернет алаяқтығы, телефон арқылы жасалатын қылмыстар секілді өзекті тақырыптар тереңінен талқыланды.

Әскери прокуратура өкілдері мен полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіре отырып, алаяқтардың әрекет ету тәсілдері, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау шаралары және өз құқықтарыңды қорғау жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, құқықтық кеңестер алды. Сонымен қатар, кері байланыс орнатылып, әскери қызметшілердің бұл мәселеге деген қызығушылығы ерекше байқалды.

Аталған іс-шара “Заң мен Тәртіп” апталығы шеңберінде ұйымдастырылып, гарнизон аумағында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және әскери ортада заңдылық пен тәртіпті сақтау деңгейін арттыруға өз үлесін қосты.

“Орталық” өңірлік қолбасшылығы мұндай маңызды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратынын мәлімдеді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі