Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
25 маусымнан бастап мына рейстер орындалады:
- KC205 Астана-Дубай, 11:00
- KC206 Дубай-Астана, 16:40
- KC653 Алматы-Доха, 11:00
- KC654 Доха-Алматы, 15:05
- KC897 Алматы -Дубай, 11:15
- KC898 Дубай-Алматы, 16:10
Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындайды. Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Кестені әуе компанияның сайтынан тексеруге болады. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалмақ.