Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді
Қарағанды облысында жүк пойызы 2 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 1 маусымда сағат 11:47-де Қарағанды - Ақадыр учаскесінің "Қарағанөзек - Қарабас" учаскесінде болған. Екі жастағы баланың темір жолға шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисті шұғыл тежеуді басқан.
Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді.
Оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөліміне жіберілді.
ҚТЖ ата-аналарды мұқият болуға және теміржол инфрақұрылымы нысандарының жанында балаларды қадағалауды қамтамасыз етуге шақырады.