Ер адам айранның орнына құрылыс желімін ішіп қойған

Сурет: pixabay.com

Кисловодск қаласының тұрғыны абайсызда айранның орнына құрылыс желімін ішіп қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам саяжайында жөндеу жұмыстарын жасап жүргенде құрылыс желімін үлкенірек ыдысқа құюды жөн көрген. Бұл үшін бос қалған айран бөтелкесі таптырмас таңдау болып көрінген.

Арада біраз уақыт өткен соң, ер адам қатты шөлдеген. Қолында тұрған бөтелкені айран деп ойлап, одан бірнеше жұтым ішіп үлгерген. Алайда арада бірнеше секунд өткенде оның асқазанында қатты ашып күйген сезім пайда болып, ол бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оны дереу ауруханаға жеткізді.

Медициналық тексеріс нәтижесінде Сергейдің өңеші химиялық күйік алғаны анықталды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, денсаулығы жақсарып келеді.