Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан қарсыласын 64 секундта жеңді

Фото: видео скрин

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (12-2) өзінің қарсыласы Брэд Катонаны (14-5) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, ұйымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі El.kz - ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек басталғаннан кейін небәрі 64 секунд өткенде Алмахан қарсыласына дәл соққы жасап, оны нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Бекзат үшін ерекше маңызды, себебі ол UFC-дегі алғашқы жеңісі болып табылады.

Бұған дейін, 2024 жылдың наурызында, Алмахан UFC-дегі дебютін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізген болатын. Ол жекпе-жекте қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, шешіммен жеңілген еді.

Бекзат Алмаханның бұл жеңісі оның кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі болып табылады. Ол қазіргі уақытта жартылай жеңіл салмақтағы ең перспективалы файтерлердің бірі ретінде танылып отыр.

Бұл жеңіс қазақстандық ММА жанкүйерлері үшін үлкен қуаныш, себебі Бекзат Алмахан UFC тарихында Қазақстан үшін ең жылдам нокаутты тіркеді.