От-жалында өткен шақ

Автордан

Ұқыпты таралған аппақ сақалы кеуде тұсына түскен қарт әркез отбасында қабақ шытпай жарқын жүретін. Тіптен көз жанары соңғы жылдары сыр беріп бара жатса да елу жылға жуық отасқан кемпірі Кәкіжанға да, балаларына да онша сездіре бермейтін. Дегенмен, меңдеп бара жатқан соң Алматыға баруды жөн көрді. Бір жағы тұңғышы Дыбысының үйіне барып, жиендерін иіскеп, бір-жағы реті келсе дәрігерге көрінбекші. «Алаңдамаңдар, аунап-қунап тыныққан соң қайтармын», - деп кеткен Әбдікәрім ақсақалдың артынан жеделгабыл Дыбыстың астанадан Жаңаарқаға телефон соққан хабары мұндағылар үшін төбеден жай жай түскендей болды. «Көзіне операция жасатады » дейді, қалай болмақ...

Ақыры отағасының басы-қасынан болуды ұйғарған Кәкіжан шешей мен Н. Крупская атындағы орта мектепте ағылшын тілінен көп жылдар сабақ беріп келе жатқан Бақытжаны салып-ұрып астанаға да келіп қапты.

-        Ту, дүрлігіп, бекер қорыққансыңдар, - дейді көзі ақ дәкемен байланып әскери госпитальдың аппақ төсегінде жатқан ол баяғы сабырлы кеіпімен.

-        Байғұс-ау, «көжеге де тіс сынады», айтып кетпейсің бе анық-тынығын, - деді реніш білдірмесе де жүрек толқуын жасыра алмаған бәйбішесі.

-        Саспаңдар, бәрі орнында.

-        Сөзіңе болайын, жаман айтпай, жақсы жоқ. Құдай өзі жар болған екен, әйтпесе ел-жұртқа масқара болады екенбіз.

-        Қанды қырғында да жан қалғын. Шипасын берсе, әлі-ақ ел қатарына қосыламыз.

Айтқанындай, ай жатып көзәйнек шынысы қалың көзілдірік киіп ауылға қайтты. Дегенмен дәрігер ағайындар 5-6 айдың ішінде тағы тір қайтып оралуын тапсырды.

Енді міне, алдағы Ұлы Жеңістің 50 жылдығы мерекесіне сәйкес, біз де әңгіме суыртпақтап, сыйлы қартқа сәлем бере келдік. Әбдікәрім Смағұлұлын бала кезімнен білемін. Оның майданнан оралып халық депутаттары Атасу поселкелік кеңесі атқару комитетінде хатшы,одан кейінгі уақытында есеп қызметкері боған жігіт шағында біз ес жиып, зыр қағып жүрген ойын баласы едік.

Ұмытпасам, 7 класс оқитын жылдарым. Біздің әкейдің ауызы ауыр болатын, бостекі әңгімеге зауқы жоқ еді. Әбекеңнің де кейбіреулер секілді «жусатып салдым» деген бөспелігін естіп көрген жоқпын. Дегенмен әкей:

-        Ал, Әбдікәрім, қолыңнан қай жерде жараланып жүрсің? – деді.

-        Соғыста болған жағдай ғой...

-        Қайта өзің аман қалғансың...

-        Е, құдай сақтаған ғой.

-        «Татар дәмің таусылмаған» деген осы.

-        Енді, соғысты басқа бермесін, - деп шашын әспеттеп артына қайырған Әбекең ойға шмғандай үнсіз қалды. Жүзінен от пен оқтың арасында «қар жастанып, мұз төсенген» сол бір отты кезеңдер көлбеңдеп өтіп жатқан сияқты.

-        Москва облысының батыс жағындағы Великие Луки қаласы үшін «жан алысып, жан беріскен» шайқас болатын. – деді ол шешіле. – Біздің ерекше 100-ші атқыштар батальоны 120 милимертлік артилериядан өртегіш және жарылғыш снарядтармен жау шебін ұрғылағаннан кейін жаяу әскерлері тап берді. Енді, қоршаудағы қаланың ішінде әр үй үшін кескілескен ұрыс басталды. Жаяу әскер де, біз де көмекке келдік. Қаланың орта тұсындағы еңселі 3 қабат үйлің шеткі есігінен баса көктей еніп, шеткі бөлмеден біраз фашисттерді тұтқындадық.

Дегенмен, екінші қабатқа көтерілуге жоғарыдан дәл көздеп атып тұрған немістер бас көтертер емес. Сәл жаза бассаң қалпақтай түсіреді. Бұйрық – қалайда жауды тізе бүктіру, ғимаратты жаудан тазарту. Көтерілер баспалдақ тасасынан жоғарыда тығылып баспалап тұрған немісті нысанаға алғаным сол еді, сол жақ қолымның алақан сырты ду ете қалды. Сылқ етіп қаруым жерге түсіп кетті. Алдында ғана осылайша баспалап төменге көз тастамақ болған солбырайған ебедейсіз біреуін сұлатқан едім. Ақыры, байқап қалған екен. Қапы жіберген жоқ, қару ұстаған қолымның сыртын қанға бөктірді.

Алайда, қасымдағы жігіттер жоғарыға граната лақтырып үлгерді. Автоматтан оқ жаудыра үстіңгі қабатқа лап қойды. Сөйтіп еңселі ғимараттың үш қабаты да тазартылып, тірі қалған 90-ға жуық неміс солдаттары тұтқындалып, сыртқа шығарылды. Біз жақтан да, олар жақтан да шығын да, жараланғандар да аз емес. Дереу жауынгерлеркеліп, жарамды таңып, сыртқа алып шықты. Сөйтіп, мен үшін 1943 жылдың 14 қаңтарында соғыс бітті. Ярославль қаласы, одан Пермь облысының Кунгур қаласындағы әскери ауруханаларында емделіп, ақыры әскерге жарамсыз деп ұйғарғандықтан сол жылдың 25 қазанында елге қайттым.

Мына келеннен бастап өткергендері туралы айтуын өтінсем де мардымды жауап ала алмаған соң сол өзі баяндаған осы жәйітті айтып едім, жымиып езуіне күлкі үйірілді.

-        Мұны сен қайдан білесің?

-        Өзіңіз сонау елуінші жылдары айтқан болатынсыз, - деп есіне салдым.

-        Иа, шындығы да сол. Мен 1939 жылдың желтоқсанында әскери міндетімді өтеуге шақыртылдым. Содан 18-Орта Азия шекаралық әскери дивизия құрамындағы 313-ші Қызыл Тулы Түркістан полкінде қызмет еттім. Шекаралық Термез қаласында тұрдық. Ауғанстанмен екі араны Әмудәрия өзені бөліп, ар жағы олардың, бер жағы біздің жер. Содан 41-ші жылдың тамыз айының 24-ші жұлдызында біздің 82 милиметрлік артилерия полкі екі жақты келісімі бойынша Иран жеріне барып тұрдық. Онда біздің атты әскерлер, жаяу әскерлер, танк дивизиялары да бар екен. Сірә, фашистік Германия Парсы шығанағы арқылы Каспий теңізіндегі мұнайлы Бакуге, Кавказға төтен шабуылға шығуы мүмкін деген болар, әйтеуір аз емеспіз. Сол жылдың 31-ші желтоқсанына дейін тұрдық. 42-ші жылдың 11 қаңтарында Алматыға алып келді. Генерал В.И. Панфиловтың басшылығымен жасақталып жатқан дивизияның 100-ші ерекше атқыштар батальенында 120-милиметрлік гаубица расчетінің командирі болдым. Жаралы болып елге аға сержант дәрежесінде оралдым. Жаңағы өзің бала күніңнен жадыңда сақтап, есіме салған ұрыс кезінде өзіммен бірге болған көздеуші Мердіқұлов деген жауынгер сол жақ білегінен жарақаттанса, шығыс Қазақстандық Бакин деген жігіттің сол жақ аяғының ортан жілігі морт үзіліпті. Әсіресе Жамбыл облысының Мерке ауданының туғаны Мердіқұлов екеуміз сонау Термез қаласынан бірге қызмет етіп, майдан жолдарын бірге өткеріп едік. Содан көз жазып қалдым, олардың өлі-тірісінен хабарсызбын.

Шүкіршілік, бұл күндері ел қатарлы жүріп жатырмыз ғой.

 Иә, Отан алдындағы азаматтық парызын абыроймен өткерген бір кездері қалшылдаған жас бүгіндері өз ортасында, үлкен-кішіге сыйлы қария болды. Ол кешегі кеңес өкіметінің бай балалары деп әкесін, басқа да туғандарын қуғынға алып, ақыры сонау Шымкент, Тәшкент, асып кетуге дейін, отбастарын, шиеттей бала-шағаларын шұбыртып, біраз жылдар туған жерлерінен қол үздіруге мәжбүр болғанына кек сақтамады. Халқы алдында, елі алдында парызын адал өтеумен ғұмыр кешіп келеді.

Бар қадірінше өмірден өз орындарын тауып, уйлі-баранды болған Үкітай, Дыбыс, Қанат,  Жанат, Болат, Гүлбаршын, Марат, Гүлбағдат сияқты ұл-қыз өсірген жаны жайсаң абзал қартқа алдағы көрер қызығың таусылмасын демекпіз.

                                                                          ***

Айтып отырған жеңгемнің әкесі Әбдікәрім Смағұлұлы Жаңарқа өңірінің тумасы болады. 1914 жылы дүниеге келген. Үлкен әкелері балабек болыстың тізгінін ұстаған көшелі жан екен. Шиеттей бала-шағасын шұбыртып, туған жерден қол үзіп, түскей барып Тәшкен, Шымкент жағын паналайды. Осы шұбырындыда дүниеге келген балалар есімі Тәшкен, Тәшет аталса, сондай себебі бар. Ол кісілердің ұрпақтары бүгінде Жаңарқада тұрып жатыр.

1939 жылдың желтоқсанында әскери міндетін өтеуге шақыртылады. Содан 18-Орта Азия шекаралық әскери дичизия құрамындағы 313-Қызыл Тулы Түркістан полкіне түседі.

Термез қаласында тұрған бұл полк шекаралық болатын. Ауғанстан мен екі араны Амудәрия бөліп жатты. 1941 жылдың тамыз айының 24 күні Иран жеріне барып тұрады. Сол тұрғаннан 31 желтоқсанға дейін қозғалмайды. Жау мұнайлы Қап тауын басып ала ма деген үлкен қауіп бар еді. Соған қарамастан «дәрі иіскеген» полкті қозғайды.

1942 жылы Алматыға келеді. Генерал В. Панфиловтың басшылығымен жасақталып жатқан дивизияға кіреді. 100-ші ерекше атқыштар батальонында соғыс тактикасы мен стратегиясына машықтанады Солайша 120-милиметрлік гаубица расчетінің командирі болады. Ал, бұл дивизияны Мәскеу түбіндегі қырғынға дйындап жатқан болатын. Міне, мәселе қайда?!

Мәскеу түбіндегі қырғында Дубосеково түбіндегі 28 панфиловшының ерлігі әлемге жария болды. Қаңтардың 19 күні Ставканың бұйрығымен дивизия теміржол эшелонымен Бологое, Любница, Болотное станцасына түсіріледі. 2- атқыштар корпусының құрамына кірігіп, жау қорғанысын бұзып шығады. Осы дивизия құрамындағы Мәлік Ғабдулиннің, Төлеген Тоқтаровтың, Бауыржан Момышұлының көзсіз ерліктеріне ел сүйсінді.

Ерліктері еленбеген мұндай азиаттар аз болмады. Әбдікәрім Смағұлұлы солардың бірі ғана. Мәскеу шайқасы саябырсыған кезде бұларды кіші Сталинградқа салды. Великие Луки қаласы  үшін шайқас тарихта осындай атпен қалды. Кіші Сталинград қазандығында жаудың 70мың әскері қолға түсті.

Сол шайқасты әкеміз былай деп еске алады екен:

«Москва облысының батыс жағындағы Великие Луки қаласы үшін «жан алысып, жан беріскен» шайқас болды. Біздің ерекше 100-ші атқыштар баталоены 120 милимертлік артилериядан өртегіш және жарылғыш снарядтармен жау шебін ұрғылағаннан кейін жаяу әскерлері тап берді. Енді, қоршаудағы қаланың ішінде әр үй үшін кескілескен ұрыс басталды. Жаяу әскер де, біз де қолымызға карабин алып біз де көмекке келдік. Қаланың орта тұсындағы еңселі 3 қабат үйлің шеткі есігінен баса көктей еніп, шеткі бөлмеден біраз фашисттерді тұтқындадық. екінші қабатқа көтерілуге жоғарыдан дәл көздеп атып тұрған немістер бас көтертер емес. Сәл жаза бассаң қалпақтай түсіреді. Бұйрық – қалайда жауды тізе бүктіру, ғимаратты жаудан тазарту. Көтерілер баспалдақ тасасынан жоғарыда тығылып баспалап тұрған немісті нысанаға алғаным сол еді, сол жақ қолымның алақан сырты ду ете қалды. Сылқ етіп қаруым жерге түсіп кетті. Алдында ғана осылайша баспалап төменге көз тастамақ болған солбырайған ебедейсіз біреуін сұлатқан едім. Ақыры, байқап қалған екен. Қапы жіберген жоқ, қару ұстаған қолымның сыртын қанға бөктірді. Алайда, қасымдағы жігіттер жоғарыға граната лақтырып үлгерді. Автоматтан оқ жаудыра үстіңгі қабатқа лап қойды. Сөйтіп еңселі ғимараттың үш қабаты да тазартылып, тірі қалған 90-ға жуық неміс солдаттары тұтқындалып, сыртқа шығарылды. Біз жақтан да, олар жақтан да шығын да, жараланғандар да аз емес. Дереу жауынгерлеркеліп, жарамды таңып, сыртқа алып шықты. Сөйтіп, мен үшін 1943 жылдың 14 қаңтарында соғыс бітті. Ярославль қаласы, одан Пермь облысының Кунгур қаласындағы әскери ауруханаларында емделіп, ақыры әскерге жарамсыз деп ұйғарғандықтан сол жылдың 25 қазанында аға сержант дәрежесінде елге оралды.

-        Осы ұрыс кезінде өзіммен бірге болған көздеуші Қ. Мердіқұлов деген жауынгер сол жақ білегінен жарақаттанса, шығыс Қазақстандық Бакин деген жігіттің сол жақ аяғының ортан жілігі морт үзіліпті. Әсіресе Жамбыл облысының Мерке ауданының туғаны Мердіқұлов екеуміз сонау Термез қаласынан бірге қызмет етіп, майдан жолдарын бірге өткеріп едік. Содан көз жазып қалдым, олардың өлі-тірісінен хабарсызбын – деп өкінішпен еске алады екен.

Бүгін сол кісілердің ұрпақтарын Жанат Әбдікәрімқызы іздестіруде. Бейбіт өмірде Әбдікәрім Смағұлұлы ұзақ жылдар бойы халық депутаттар Атасу поселкелік кеңесті атқару комитетінде хатшы, кейінде есепші болып қызмет атқарды. Анамыз Қалимашпен жарты ғасыр отасып тоғыз бала тәрбиелеп, өсірді.

Уйдің тұңғышы Дыбыс апамыз химия ғылымдарының докторы, профессор, Алматы сәулет академиясында еңбек етуде. Бүгінде тамырын тереңге жайған әулетте 23 немере мен 10 шөбере өсіп-өніп келеді.

Тағдыр Мердіқұловты, Бакинді, Смағұлұлын  майдан даласында кезіктіріп, қайтіп жолықтырмады.

 

Авторы: Ұзақбай Мұқышұлы