Бүгін — Ұлттық кітап күні

Instagram

Бұл күн елімізде кітап оқудың пайдасы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осы мерекеге орай өз сөзінде былай деді:

 «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде прогресивті ұлтқа айналу үшін кітапты бала кезден бастап оқуға дағдылану қажеттігін атап өткен еді. Осыған орай Қарағанды облысында ‘Жаппай кітап оқитын ұлт’ тұжырымдамасы аясында жаңа жоба қолға алынды.»

Әкімнің айтуынша, бұл бастама әртүрлі жастағы жеткіншектерге арналған іс-шаралар сериясын қамтиды. Атап айтқанда:

- оқушыларға арналған оқу байқаулары,
- студенттерге арналған пікірталастар,
- мұғалімдерге арналған интеллектуалды квиздер,
- ұрпақтар сабақтастығына арналған отбасылық форматтар бар.

«Бұл жоба балаларымыздың сыни ойлауын, ой-өрісін және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосатынына сенімдімін. Осы орайда ата-аналардың, мұғалімдердің және бүкіл халықтың қолдауы ерекше маңызды. Оқу әдетін қалыптастыру тек мектептердің ғана емес, барлығымыздың ортақ міндетіміз. Кітап – саналы ойлаудың негізі. Бұл бір реттік науқан емес, тұрақты салтымыздың бастауы болады деген сенімдемін,» – деді Ермағанбет Бөлекпаев.