Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлаймыз.
Байқау 2 кезеңде өткізіледі: «Еңбек Жолы» байқауының жеңімпаздарын өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде іріктеу.
Облыстық комиссия «Еңбек Жолы» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары қатарынан биылғы жылдың 25 шілдесіне дейін айқындайды.
2-кезең республикалық деңгейде қазан айында өткізіледі, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың айқындалған жеңімпаздары арасында қорытындылар шығарылады және жеңімпаздар марапатталады.
Байқау 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп наградалары бар әулет таңдалады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырылады (қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері).
Конкурс туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 43-20-82, (Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) немесе Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының сайттарында нақтылауға болады. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, 4 қабат, 406 кабинет, эл.пошта: sots-otdel@mail.ru.