Күдікті сот залынан қашып кетті - полицейлер тергеуге алынды

Фото: SputnikKZ

Алматы облысында күдіктінің сот залынаны қашып кету фактісі бойынша тәртіп сақшылары да тергеуге алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.

1 сәуірде Алматы облысындағы Қарасай аудандық сотында 30 жастағы күдікті сот ғимаратынан қашып кеткен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, тәртіп сақшылары да тергеуге алынды.

“Біздің қызметкерлерге қатысты салғырттық бойынша қылмыстық іс қозғалды”, - деді Лепеха журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қашқын әлі ұсталған жоқ.

Айта кетері, сот залынан қашып кеткен күдікті адам зорлау әрекеті үшін айыпталып отыр.