Алматыда балабақшада тәрбиеші баланы ұрып-соғып, тұншықтырған

Фото: видео скрин

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде жекеменшік балабақша тәрбиешісінің баланы ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан  тәрбиешінің баланы орындыққа күштеп отырғызып, тұншықтырғанын байқауға болады. Бала сол сәтте бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұрайды. Алайда олар мән бермей отыра береді. 

Бала ата-анасына жағдайды өзі жеткізген. Сосын ата-ана бейнебақылау камерасын ашып қараған. Нәтижесінде полицияға арыз жазған.

"Бостандық аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.