Қазақстандық қыз IELTS бойынша әлемдік рекорд орнатты

Фото: inst/saya.kidirali

17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми статистика бойынша, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады. Сая тестілеуге 11 жасынан бастап дайындалып, өз көрсеткішін 6.5-тен 9.0-ге дейін жақсартқан.

Бүгінде Сая Қыдырәлінің ағылшын тілі мектебі бар. Ол тілді алты жасынан бастап үйренген.

Ол IELTS бойынша әлемде максималды 9 балл алған ең жас адам екенін айта кету керек.