Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты

Фото: freepik.com

Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Qazaqstan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше болған. Цехта жабдықты жөндеу шебері болып жұмыс істейтін 38 жастағы тұрғын жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Оның бас сүйегі мен жамбасы сынған.

Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Бірақ энергетикалық комбинаттың баспасөз қызметі деректі растап, еңбек заңнамасы аясында тергеу басталғанын жеткізді.